Тегін мектеп формасы туралы

Әрбір жанұя балаларының толыққанды жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау үшін баланы бар жағынан қамтамасыз ету керек. Қазіргі таңда отбасы мен балаға мемлекет тарапынан көп көмек берілуде. Соның бірі Башкөл орта мектебінде ағымдағы жылдың 4 тамыз күні көп балалы жанұялар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұялардың балаларына тегін форма берілді. Барлығы берілген тегін форманың саны 25 дана. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.

Мектеп директорының м.а. Сапарова А.Т.