«Біз - адалдық үшін!»

Бесқарағай ауданының «Елімай» лагерінде «Шығыс -адалдық алаңы» жобасы шеңберінде сынып сағаттары, бұйымдар жәрмеңкесі, флешмобтар, тренингтер, суреттер сайысы, дөңгелек үстелдер, «Сыбайлас жемқорлықтың төрт есе тиімділігі» атты сауалнамалар жүргізілді. Аталған іс - шаралардың мақсаты оқушылар бойында моральдық оң сапасын қалыптастыру, оның ішінде мейірімділік пен шындыққа баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқықтық негіз қалыптастыру болып табылады. Оқушыларға қазіргі кездегі әлемдегі үлкен проблемалардың бірі - жемқорлыққа қарсы түсініктерін кеңейту. Сонымен қатар «Жемқорлыққа қарсы күрес» атты фильм көрсетілді. Соңында оқушылар көргендерін түйіндеп, сауалнама толтырды.

Білім беру бөлімі
басшысының міндетін атқарушы Р.Оразалин