«Бақытты отбасы» бағдарламасын түсіндіру бойынша көп балалы аналармен кездесу

2019 жылдың 6 тамызында Семей қаласының Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, "Бақытты отбасы" әлеуметтік тұрғын-үй бағдарламасы бойынша көп балалы отбасылармен кездесу өткізді. Бұл бағдарламаға 4 және одан да көп баласы бар отбасылар, кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар кіреді. Бағдарлама аясында барлық қатысушы азаматтар осы бағдарламаға толық түсініктеме алды.

Бесқарағай аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің жетекші маманы А.Кенжеханова