Күмбірле, күй – домбыра

2019 жылдың 11 шілдесі күні Бесқарағай ауылының орталық саябағында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, күй – домбыра» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара Бесқарағай ауданының әкімі Д.Б.Батырбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

Мерекелік іс-шара бағдарламасына:

- «Қасиетті домбыра үні» атты аудандық байқауы,

- Қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының әндерін орындау,

- «ALTYN DOMBYRA» атты тақырыптық викториналық ойыны,

- «Ұлы дала елінің – ұлы домбырасы» атты домбыра суреттерінің байқауы енді.

«Қасиетті домбыра үні» атты аудандық байқауы ауданның ауылдық округтерінің домбыра шеберлерінің қатысуымен ұйымдастырылды. «Домбыра шебері» номинациясымен Қарабасауылдық округінен келгенМолдахметова Шырайлым Дулатқызы және Тлеугабакова Ұлжан Серікқызымарапатталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында казақ бірлестігінің «Tumar ai»вокалдық тобының,  «Асыл әжелер» қазақ фольклерлық тобы, «ДосStar» жастар клубы іс-шара қонақтарымен бірлесе ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың әндері орындалды.

Тілдерді оқыту орталығымен мерекелік іс-шараға келген қонақтардың қатысуымен «ALTYN DOMBYRA» атты тақырыптық викториналық ойыны өткізілді.

Жастар ресурстық орталығымен «Ұлы дала елінің – ұлы домбырасы» атты домбыра суреттерінің байқауы ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шара Балалар өнер мектебі мен аудандық Мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламасымен ұласты.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Идрисова