Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс қортындыларын шығару күнін ауыстыру туралы

Ақпараттық хабарландыру

Бесқарағай аудандық әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын анықтау жөніндегі хаттамалық шешімді қабылдау үшін қажетті  қоғамдық өкілдердің елу пайыздан кем емес қатысуы жағдайында (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 2-тармағы), жер комиссиясының жалпы құрамынан үштен екісі болмауына байланысты, 2019 жылғы 16 шілдеге белгіленген конкурстық құжаттары бар конверттерді ашу және конкурстың қорытындыларын шығару 2019 жылғы 21 тамызға ауыстырылғанын  хабарлайды.

2019 жылғы 25 мамырдағы №39 (2075) «Бесқарағай тынысы» газетінде хабарланған шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындыларын шығару күні «2019 жылдың 16 шілдесіне сағат 10.00-де» деген сөздер және сандар жарамсыз деп саналсын.