«Altyn dombyra» викториналық ойыны 

2019 жылдың 11 шілдесі күні тілдерді оқыту орталығы орталық алаңда аудан тұрғындары арасында домбыра күніне орай «Altyn dombyra» викториналық ойынын өткізді. Викториналық ойын «Қанекей, аты-жөнімізді латын қарпімен жазып көрелік!» акциясымен басталып, түрлі ойындар ойнатумен жалғасын тапты. Алғашқы ойында домбыраның құрылысына байланысты викториналық сауалдар қойылып, алтын домбыраның шаблоны құрастырылды. Ал ребустарды шешуде жастар белсенділік танытып, латын қарпінде атақты күйшілердің есімдерін тақтаға жазды. Кейін ойынға қатысушыларға күй тыңдатып, жұмбақтар шештіріп, шаршы әріптермен латын қарпінде домбыраға байланысты сөздер құратылды. Ойын өте қызықты өтіп, викторинаға қатысқандарға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Аменова