Баспасөз-релизі

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» ММ және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің, «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ еңбек ұжымдарында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментімен қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша ұсыныстар енгізілген отырысты өткізу туралы  Баспасөз-релизі  (ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде)

2019 жылғы 11 шілде күні Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Бахитұлы Батырбаевтың төрағалығымен Семей аймағы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі ауданаралық басқармасының басшысы Ғалымжан Амантайұлы Қошқарбаевтың және Семей аймағы бойынша ЖТҚ аға тергеушісі  Е.Сулейменовтың  қатысуымен , аудан әкімдігінің мәжіліс залында "Березовка орта мектебі" КММ есепшісіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша ұсыныстарды қарастыру бойынша отырыс өтті.

Сонымен қатар, Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінің басшысы – Омарғазин Самат Құдайбергенұлы Семей аймағы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқармасының қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсынымын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары (ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде) тыңдалды.

Өткізілген талқылауды  ескере  отырып, ұсынымдары  бар  хаттама толтырылды.

Заң бөлімінің басшысы  Р.Кунаков