2019 жылғы 9 шілде күні Долон ауылдық округі,  Бөдене ауылында ауыл тұрғындарының жиыны өткізілді

Күн тәртібінде,«Бөдене» ауылының атауын «Бөденелі» атауына қайта атау туралы мәселесі қарастырылды.
Жиынға 21 ауыл тұрғындары қатысты, ауыл атауын өзгертуге:
Қолдаған адам саны - 0;
қарсы шыққан адам саны- 20;
қалыс қалған адам саны -  1.
Ауыл тұрғындары жиынының қорытындысы бойынша «Бөдене» ауылының атауы өзгеріссіз қалады.