Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шаралар бойынша өткен жиналыс

2019 жылғы 9 шілде күні Баскөл ауылдық округі әкімдігінде әкімдік қызметкерлерінің қатысумыен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шаралар бойынша жиналыс  өтті.  Жиналыста ауылдық округтің әкімі М.Табылдин қатысушыларды Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы  өрісіндегі жағымды тенденциялармен таныстырды. Сыбайлас жемқорлықпен  күрес саласындағы өзгерістер туралы, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы толық мағлұматтарды  берді. 

Жиналысты өткізудегі мақсат – мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы шаралардың алдын  алу жұмыстарын жетілдіру, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру, әдеп кодексінің нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту  болды. 

Баскөл ауылдық округінің бас маманы  Л.Шәріпқанова