Хабарландыру

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы
№ 513 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 15 шілде күні кәсіпкерлік палатасында кәсіпкерлікті бастауға арналған оқу басталатын болады. Және де оқуды тәмәмдап сертификатқа ие болған үміткерлер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры немесе Аграрлық несие корпорациясы арқылы  шағын несие ресімдей алады.

Мемлекеттік гранттарды және шағын несиені алуға үміткерлер оның ішінде көп балалы аналар және 29 жасқа дейінгі жастар «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласу керек. Бесқарағай көшесі Сейфуллин 159, жұмыс телефоны 90185, маман Абилов Асет Шегебайұлы (ұялы телефон 87083695442).

Бесқарағай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ