Менің астанам –Нұр-Сұлтан

Біз, өзінің туған күнін тойлап жатқан бас қаламыз Нұр-Сұлтанға барлық елдермен бірге «Туған күніңмен, Нұр-Сұлтан!».- деп қуанышпен айтамыз. Туған Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін күшейту мақсатында аудандық кітапхана оқырмандармен бейне саяхат өткізді. Астананың көрікті жерлері мен тарихына тоқталды. Кітапханашылар «Гүлденіп самғай бер, астанамыз» бейне слайд арқылы бас қаланың жылдан жылға жылдам өзгеріп, гүлденіп келе жатқан келбетін және әкімшілік және мәдени мекемелерді Айтолқын Ерғалиқызы Астананың Ақорда, Бәйтерек, Хан шатыры, Пирамида тағы басқа да көрікті жерлерімен таныстырды. Балалар сонымен қатар Астана туралы фильмдер көріп тыңдады. Балалар «Арман қала – Нұр –Сұлтан» түрлі-түсті кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмесінде анықтама, әдеби, мерзімді басылымдар және қазақстандық ақын–жазушылардың Елордамыз Астана туралы тақпақтар жазылған кітаптар қойылды.

Аудандық кітапхана директоры Ж. Алпыспаева