Ел астанасы – Нұр-Сұлтан

Ағымдағы жылдың 5 шілдесі күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының астанасы күніне арналған «Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Салтанатты іс-шара Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталовтың құттықтау сөзімен ашылды.

Салтанатты іс-шара аясында «Жомарт жүрек» аудандық конкурсының номинаттарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Іс-шара Балалар өнер мектебінің оқушылары, аудандық Мәдениет үйінің әртістері және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дайындалған мерекелік концертпен жалғасты.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Идрисова