«Жомарт Жүрек» байқауының номинанттарын марапаттау рәсімі өтті

2017 жылдан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде «Жомарт жүрек» сыйлығы ұйымдастырылып келеді. Аталған сыйлық туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан меценаттарға, демеушілерге, белсенді тұлғаларға, бизнес-құрылым өкілдеріне, еріктілер мен түрлі ұйымдарға табысталады. 

Қазақстан Республикасының астанасы күні аясында 2019 жылдың 5 шілдесі күні аудандық Мәдениет үйінде туған жерінің дамуына өз өмірін және табысының бір бөлігін арнаған азаматтарды дипломмен және естелік сыйлықпен марапаттау рәсімі өткізілді.   Марапаттау 5 номинация бойынша табысталды.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Глуховка  ауылдық округінен «Семей» шаруа қожалығының басшысы Хегай Владимир Анатольевич марапатталды.  «Үздік ұйым» номинациясы бойынша  «Лун Син» ШҚО бойынша Халықаралық сауда компаниясы» ЖШС (Қарабас ауылдық округі) марапатталды.  «Туған өлке» номинациясы бойынша марапатқа  Бесқарағай ауылдық округінен Ж.А.Ақан, Ерназар ауылдық округінен Н.Қ.Сапарбеков пен Г.Г.Фостий, Канонерка ауылдық округінен  А.В.Тулубаев ие болды. «Ерен еріктілік» номинациясы Канонерка ауылының тұрғыны С.Р.Абулкановаға табысталды. Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, ҰОС Батыры М.Қайырбаевқа ескерткіш орнатып, қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін  «Жыл меценаты» номинациясы  Жетіжар ауылының тумасы, жерлесіміз Мақсұт Асылбайұлы Омирхановқа табысталды.

Кеш барысында аудандық Мәдениет үйінің және балалар өнер мектебі әртістері, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері ән-шашуларымен барлық марапат иелерін құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.

Ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Идрисова