Дін мәселелерін түсіндіру

2019 жылғы 11 маусым күні Бесқарағай ауданында Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқарма басшысының орынбасары – Исабаев А.М., Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының Семей өңірі сектор маманы – Омирханов М.Е. ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарымен бірлесіп, адамдар арасында радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер Глуховка, Канонерка, М-Владимировка ауылдарының тұрғындарымен және Бесқарағай ауылының жастарымен өткізілді.
Кездесу барысында мамандармен лекциялар оқылды, әдістемелік материалдар таратылып, арнайы видеороликтер көрсетілді. Қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптар берілді.


Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. М.Тайгожина