Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар өткізілді

Маусым айының 6 күні Бесқарағай аудандық әділет басқармасы жеке нотариустармен бірлесіп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Бесқарағай аудандық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен кейбір заңнамалық актілерге енген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Семинардың мақсаты әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, мемлекеттiк қызмет атқару мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне, моральдық - этикалық бейнесiне жоғары талаптар қою.
Семинар барысында электрондық тіркеу кезінде туындайтын мәселелер, сонымен қатар оларды кедергісіз шешу жолдары қарастырылды.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметтерді көрсету жайлы ақпараттарымен алмасты.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі