Пушкинның сиқырлы әлемі

Аудандық кітапханада Борас орта мектеп лагерінің балаларымен орыстың ұлы жазушысы Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдық мерейтойына арналған «Пушкинның сиқырлы әлемі» атты ертегі викторинасы өтті. Іс-шара басында балалар ақынның балалақ және жасөспірім шағымен, шығармашылық жолымен танысты. Одан кейін Пушкин кейіпкерлерімен бірге «Теңізде», «Алтын қораз жайында ертегі», «Балықшы мен балық» ертегі –мульфилмдерімен қызықты саяхат жасады. Балалар ақынның ертегілеріне арналған слайд-викторинаға белсене қатысып, ертегінің тақырыбын, батырлардың қай ертегі кейіпкері екенін және аттарын еске түсіре отырып, өлең түріндегі ертегі жолдарының жалғасын тапты. Пушкинның қай ертегісін алсаңда оқып отырған балалар қандай қорытынды жасау керектігі анық, ал ең бастысы Пушкинның барлық оқылған ертегілері қайырымдылық сезімге, даналыққа тәрбиелейді.

Аудандық кітапхана директоры: Алпыспаева Ж.