Хабарландыру

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Бесқарағай ауданының Қоғамдық кеңесіне 11 (он бір) адамнан құрамын сайлау бойынша конкурс жариялайды.
Бесқарағай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін, Бесқарағай ауданының аумағында тұратын және әрекет ететін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтары шақырылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Өтініштер 2019 жылғы 16 мамырдан бастап 29 мамырға дейін, жұмыс күндерінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытта maslikhat@rambler.ru электрондық поштаға және Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, 144 үй , 20 кабинетте қабылданады.
Анықтамалар 8(72236)91253, 90707 телефоны бойынша беріледі.