Жеңіс күні Баскөл ауылдық округінде

8- 9 мамыр күндері Баскөл ауылдық округінде Жеңіс күніне арналған дәстүрлі мерекелік іс- шаралар өткізілді. Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде, Башкөл орта мектебінде өтті. 8 мамыр күні Башкөл ауылындағы тыл ардагерлері шақырылды Башкөл орта мектебінің директорының міндетін атқарушы Руслан Насыров және тыл ардагері Шаяхметов Амир Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап.
Мектеп алаңындағы ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылып, үнсіздік минуты жарияланып, құрбандарға арнап құран бағышталды.
Мереке барысында Башкуль ауылынан соғысқа аттанған барлық аталар мен апалардың алдында бас иіп, фотосуреттерімен «Мәңгілік полк» шеруі жүргізілді.
9- мамыр күні Қарағайлы ауылында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс- шаралар өткізілді. Салтанатты митингке тыл еңбеккерлері, ауған соғысының қатысушылары, Чернобыл оқиғасына қатысқандар, ардагердің балалары шақырылды. Дәстүрге сай ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу үнсіздік минуты болды. Чехословакия оқиғасына қатысқан Б.О.Жексенаев, округ әкімі М.Е.Табылдин, Н.Баймұратов атындағы орта мектебнің директоры М.К.Жексенаев құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты бөлімнен кейін Қарағайлы ауылының көркемөнерпаздарының және Н.Баймұратов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт қойылды. Сондай-ақ осы күні Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің оқушылары «Парад ардагерге барады» акциясы аясында ҰОС ардагері М.Г.Процюкті құттықтады. Ардагерді Бесқарағай ауданының әкімі Д.Б.Батырбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Қ.Садықов, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник М.Айғазинов, Баскөл ауылдық округінің әкімінің М.Е.Табылдин., аудандық мәслихаттың депутаты Л.Р.Хамитова құттықтады. Ардагерге 542,0 мың теңгенің сертификатын, азық-түлік себетін, гүл шоқтарын сыйлады. Мектеп оқушылары соғыс жылдарының әндерін орындап, ардагерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Баскөл ауылдық округінің бас маманы Л.Шәріпқанова