9 Мамыр-Жеңіс Күні.

Ағымдағы жылдың 8-9 мамыры күндері Долон ауылдық округінің ауылдарында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді. Долон ауылында мереке Жеңіс шеруінен басталып, "Жауынгер" ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Одан кейін ескерткіш алдында мерекелік концерт өтті, концерт соңында тыл еңбеккерлеріне естелік сыйлықтар берілді.
Кешкісін ескерткіш аумағында "Еске алу шамы" акциясы өтті. ҰОС еске алу құрметіне шам жағылып, гармоньмен өлең әндерді айтып, соғыс жылдарындағы ауылдастар мен аталарды естеріне түсірілді. Шығармашылық ұйымдастырылған концерт "Жеңіс күні" әнімен аяқталды, ауыл тұрғындары өз аталарына ашық аспан үшін үлкен ризашылықтарын білдірді. Бөдене ауылында салтанатты бөлімнен кейін спорттық іс-шаралар мен бәйге өтткізілді.