«Қазтест» сынағының өтуі

2019 жылдың 13 мамыр күні Бесқарағай колледжінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Ұлттық тестілеу орталығымен ШҚО лингвистикалық орталығы бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде сертификаттық және диагностикалық тестілеу өткізілді.
Тестілеуге ауданның мекемелері мен ұйымдарынан мемлекеттік және басқа да санаттағы қызметшілер (А1, А2, В1, В2 деңгейлер) қатысты. Сертификаттық тестілеуден – 44 адам, диагностикалық тестілеуден – 61 адам сынақ тапсырды. Тестілеуді Астана қаласының Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тілді дамыту басқармасының сарапшылары қабылдады.
Тест қорытындысы мен қатысушылардың деңгейін анықтау Астана қаласының Ұлттық тестілеу орталығына жіберілгеннен кейін 2 аптадан соң белгілі болады. 

Тілдерді оқыту орталығының
директоры А.Аменова