Өрт-техникалық оқу-жаттығу

2019 жылғы өрт қауіпті маусымдағы Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы апат қауіп-қатерін төмендету, орман және дала өрттерін жою мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендердегі өрттердің алдын алу және жою бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікке қатысты тапсырмасын орындау бойынша 2019 жылы 13 мамырда Бесқарағай ауылдық округі аумағында аудандық өрт сөндіру жоспары мен орман және дала өрттерін сөндіру жоспарын өтеу бойынша өрт-техникалық оқу-жаттығу өткізілді.
Жоспарды пысықтауға келесілер тартылды: «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Бесқарағай ауылының № 54 Өрт сөндіру бөлімі, ауылдық округтердің өртке қарсы құрамалардың күштері мен құралдары, ауылдық округтердің ЕӨҚ қызметі, «Семей орманы» МОТР РММ Канонерка филиалы, «Семей орманы» МОТР РММ Букебай филиалы.
Өткізілген жаттығуда орман және дала өрттерін сөндіруге әрекет ету бойынша басқару органдары, күш пен құралдар орман және дала өртін жою бойынша жұмысты атқарды, өрт қауіпті кезеңге өздерінің дайындығын тәжірибеде дәлелдеді және орман және болашақта дала өрттерін болдырмау бойынша барлық шараларды жасайды.
- Біздің жұмыстың басты мақсаты – қай аймақта болмасын адамдардың өмірі мен табиғат байлығын құтқару.

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖ бөлімі