Канонерка ауылдық округінің сарбаздарының ант қабылдауы

2019 жылғы 12 мамыр күні Канонерка ауылдық округінен 2019 жылғы көктемгі әскерге шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылған Зайнуллин Изат және Кадыров Бакытбек әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсім барысында шеру алаңына Әскери Жалау шығарылып, Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін ашық деп жарияланды. Бұл мерекелік сәтте жас сарбаздарға ата-аналары қолдау көрсетті. Салтанатты рәсім аяқталған соң ата-аналарына әскери бөлімшеде сарбаздарға жасалған жағдайлармен танысуға мүмкіндік берілді.
Әскери бөлімшенің басшылық құрамы сарбаздарды өсіріп,тәрбиелегені үшін ата-аналарға алғыстарын білдірді.

Жетекші маман Т.Аюченко