Айтыс

Жеңіс күні – бұл әрқайсымыздың жүрегімізде ерекше орын алатын мейрам. Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Беген орта мектебінде «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты мектепішілік айтыс өткізілді.Айтыс 5-10 сыныптар аралығында өтті.Онда төрт жұп айтысты.Олар:Камалова Назира 5 сынып, Ертай Еңлік 5 сынып,Жомартова Дария 6 сынып, Қадырханова Медина 6 сынып, Каримбаева Аяжан 7 сынып,Болатова Еркеназ 8 сынып, Маруа Ләззат 10 сынып, Өмірбек Жанерке 10 сынып оқушылары қатысты.
Айтысқа қатысқан жұптардың әділ бағасын берген әділқазылар алқасы: Беген ауылдық округі аппаратының бас маманы Рафикова Р.К, Беген ауылдық округі аппаратының мәдени ұйымдастырушысы Тукусов Т.У,мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Батырханова Р.А,кітапханашы Мустафина Г.Б.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені 8 сынып оқушысы Болатова Еркеназ ,1 орынды 6 сынып оқушысы Жомартова Дария,
2 орынды 10 сынып оқушысы Маруа Ләззат ,3 орынды Камалова Назира 5 сынып оқушысы жеңіп алды. Айтысқа қатысушыларға округ әкімшілігі демеушілік көрсетті.

Беген орта мектебі У. Амрина