Ескерткіштің ашылуы

2019 жылы 13 мамырда Жетіжар ауылдық округі, Жетіжар ауылы Семияр орта мектебінің аумағында Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевқа "Минау әже" қорының президенті М. А. Өмірхановтың демеушілігімен ескерткіш орнатылды. Наркескен мектеп басшысы Сиязбек Сүлейменовпен домбырада батырға арналған Арнау орындалды сонымен қатар Семияр орта мектебінің оқушылары әдеби монтаж көрсетті. Ашылу салтанатына Жетіжар ауылдық округінің әкімі С. Б. Назаров, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Қ. Садықов, "Минау әже" қорының президенті М. А. Өмірханов, 28738 әскери бөлімінің командирі, батырдың ұлы Мұрат Махметұлы Қайрбаев, сондай-ақ Махмет Қайырбайұлы Қайырбаев туралы естеліктерімен бірге жұмыс істеу абыройын иеленген ауылдастар сөз сөйледі. Ескерткішті ашу құқығы М. М. Қайрбаевқа, Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Қ. Садықовқа, "Минау әже" қорының президенті М. А. Өмірхановқа берілді. Ескерткіштің ашылу барысында гүлдер мен гүл шоқтары қойылды.

Округ әкімі С.Назаров