Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері спартакиадасы аясында бильярд бойынша жарыс

2019 жылғы 13 сәуір күні Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері спартакиадасы аясында бильярдтан жарыс өтті.
Бесқарағай ауданының құрама командасы жарысқа белсене қатысып, облыстың 14 ауданынан жүлделі екінші орынға ие болды.
Бесқарағай ауданының намысын аудан әкімі – Батырбаев Дәулет Бахитұлы және аудан әкімінің орынбасары – Борсукбаев Нұрлан Мұхаметрақымұлы қорғады.
Алда шахмат, жүзу, мини-футбол және волейбол жарыстары.
Біздің мемлекеттік қызмет спортшыларына сәттілік тілейміз!!!  

Дене шынықтыру және
спорт бөлімі әдіскері А.Каримов