Бақыт Шадаеваның шығармашылық концерті туралы

2019 жылғы 13 сәуір күні Бесқарағай ауданына белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бақыт Шадаева шығармашылық концертпен келді. Бақыттың шығармашылығы- Қазақстанның байтақ жерінде шырқалып жүрген әдемі дауысты сазды әндері. Ол адалдық пен адамгершілікті сүйетін, әр істе жігері мол нәзік жан.
Бақыттың өзінің айтуы бойынша, ол үш құндылық – отбасы, шығармашылығы, жанкүйерлері үшін өмір сүреді. Оның шығармашылығында «Туған жер», «Аяулым», «Бақыт деген», «Көзіңнен айналайын», «Алматым-сұлу астанам» сияқты әндері бар. Бесқарағайлықтар Бақытты зор қошеметпен қарсы алып, салған әндеріне дән риза болды.
Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж.Баталов әртіске алғысын білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті. Бақыт Шадаеваға денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!


Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Калтаева