Глуховка ауылдық округінде ӘКК қабылдау туралы

2019 жылы 1 сәуірде Глуховка ауылдық округі Nur Otan XVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ӘКК жаңа форматы бойынша құжаттарды қабылдауды бастады.
«Бесқарағай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ассистенті А.Жукова көп балалы отбасыларымен Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіреді.
ӘКК жаңа форматы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Сәуір айының 1-нен 15-не дейінгі аралықта жаңа форматты ӘКК алу үшін 20 өтініш келіп түсті.


Мәдениет ұйымдастырушысы: К.Кожахметова