Глуховка орта мектебінде кітап және оқу мейрамы

8-12 сәуір аралығында «Рухани жанғыру» жобасы аясында көктемде өткізілетін жыл сайынғы балаларға арналған «Ертегілер әлемі» апталығында қызықты кітаптар мен олардың кейіпкерлерімен кездесу балаларға қуаныш әкелді.
Кітапханада –«Кітап зерде құралы, кітапхана тұрағы», және таныс кітабымызды алайық! Біз әлі оқымаған кітаптар атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Балалар жаңа кітаптармен танысты. Кітапханашы - С.В. Кружальская балалар әдебиетін кең көлемде көрсетті.
Оқушылар керемет құлшыныспен қатысып, ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, беттерін әрлеп,өз рольдерін сомдап, білімдерін көрсете білді, себебі ертегі әлемі – ең ғажап, әрі қызықты әлем. Бұл іс-шара қызықты және көңілді өтті.
Ал апталық көңілді мультсаяхатпен мульфильм көрумен ұласты.
Бүгінгі таңда мульфилімсіз өмірімізді елестету мүмкін емес. Кейіпкерлер сүйкімді, әдемі, күлкілі, көңілді және ақкөңіл. Оларды тек балалар ғана емес, ересектерде жақсы көреді.
Балалар бос уақыттарын тиімді өткізді, өздерінің ой өрістерін кеңейтіп, , жақсы әсер алды. Сонымен қатар кітапханаға жие келіп тұратындықтарын және кітаппен тығыз байланыста болатындықтары туралы ұсыныс- тілектерін білдірді.

Мектеп директоры Молдашева К.Б.