"НұрОтан" кезекті XVIII съезінің негізгі міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстарын бастады

2019 жылдың 12 наурызындаҮлкен Владимировка орта мектебінің акт залында "Нұр Отан" партиясының Бесқарағай филиалының төрағасы, аудан әкімі Д. Б. Батырбаевтың қатысуымен білім беру қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Бұл жолы талқылау тақырыбы " Нұр Отан партиясының XVIII-ші съезі" болды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары – Б. Ж. Баталов, аудандық мәслихат хатшысы – Қ. Қ. Садықов, "НұрОтан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Б. У. Омаров, білім бөлімінің басшысы – С. К. Омарғазин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Р. А. Заденов және білім саласының қызметкерлері шақырылды.
Аудан әкімі Дәулет Батырбаев ағымдағы жылы жаңа үкімет құрылғанын, жаңа қондырғылар берілгенін, барлық деңгейдегі бюджеттер әлеуметтік бағыттарға айналғанын атап өтті.
Кездесу барысында сөз сөйлегендер "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінің негізгі міндеттері бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібінде осындай мәселелер қаралды:
1. Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы - Б.У. Омаров аталмыш съездің делегаты ретінде өз әсерлерімен бөлісті және жұмыста жүзеге асырылатын жаңа енгізілімдер туралы әңгімеледі.
2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің өзгеруі туралы –ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.А. Заденов хабарлады.
3. Білім беру бөлімінің басшысы С.К.Омарғазин ауданның білім беру ұйымдарында жаппай оқыту қорының орындалуы туралы баяндама жасады, ол басты басым мемлекеттік бағдарламалардың бірі – халықты әлеуметтік қолдау саясаты, бұл аз қамтылған отбасы балаларына жалпыға міндетті оқу қоры арқылы материалдық көмек көрсету екенін атап өтті.
Аудан әкімі Д. Батырбаев қорытынды сөз сөйлеп, жиналысты қорытындылай , келе қойылған міндеттерді орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.


Мектеп директоры Г.К.Тилеубекова