Көңілді демалыс

Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Бахитұлы Батырбаевтың қолдауымен 2019 жылғы 8-10 наурыз аралығында Бөдене орта мектебінің 11 оқушысы "Елім-ай"демалыс кешеніне барды. Мерекелік күнге қарамастан "Елімай" демалыс кешенінің басшылығы келген балаларды қуана қарсы алды, қыздарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, оқушыларды жайлы бөлмелерге орналастырды.
Балалар үлкен сергектік қуатын алды, төбешіктен сырғанады, таза ауада серуендеді. Балаларға аспаздың тамағы да ұнады. Кеш қонақтары би алаңында жиналып, Борас және Канонерка орта мектептерінің жаңа достары мен құрбыларын тапты. Еріп жүрушілер топтар арасында қызықты ойындар мен би жарыстарын ұйымдастырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы 2 кезеңде барлығы біздің мектебіміздің 17 оқушысы демалды. Оқушылардың ата-аналары балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін риза.