Бесқарағай аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінің «Нұр Отан» өкілдерімен кездесуі

2019 жылғы 12 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы Бесқарағай аудандық орталық ауруханасының отырыс залында медицина қызметкерлерімен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін кездесу өткізді.
Кездесуді Бесқарағай ауданының әкімі, «Нұр Отан» Бесқарағай аудандық филиалының төрағасы Даулет Бахитович Батырбаев жүргізді.
Кездесуге қатысқандар:
1. Бесқарағай ауданының әкімі – Б.Ж. Баталов
2. Аудандық мәслихат хатшысы – К.К. Садыков
3. «Нұр Отан» партиясының Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Б.У. Омаров
4. Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Р.А.Заденов
5. Бесқарағай аудандық орталық ауруханасының ұжымы.
Кездесу барысында сөз сөйлегендер «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съездінің негізгі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.