Көктемгі су тасқынына дайындық

2019 жылғы 12 наурыз күні Долон ауылында ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында көктемгі су тасқынына дайындық бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске Долон ауылының тұрғындары, Долон филиалы директорының орынбасары Ж. М. Сауметов, Шығыс орманшылығының орманшылары С. Б. Қабенов, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, полицияның учаскелік инспекторы Р. К. Идрисов, әкім аппаратының қызметкерлері, барлығы 23 адам қатысты.
Ауылдық округ әкімі Н. Абдрахманов сөз сөйлеп, ол қатысушыларды су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Су тасқыны кезеңінде кезекшілік ұйымдастырылды, жауапты тұлғалар бекітілді. Шаруа қожалықтарының басшыларымен, кәсіпкерлермен, Долон филиалының директорымен ТЖ болған жағдайда техника бөлу туралы ниет шарттарына қол қойылды.

Ауылдық округтің бас маманы С.Ибраева