Жетіжардағы кездесу

2019 жылғы 12 наурыз күні Жетіжар ауылдық округінің Криивинка және Жетіжар ауылдарына Бесқарағай колледжінің директоры Раим Жолдасбекович Нургалиев және колледж ұстаздары келді. Жиында Жетіжар ауылдық округінің әкімі С.Назаров, жоғары сынып оқушылары, олардың ата-аналары және округ тұрғындары қатысты. Жиналыс барысында Раим Жолдасбекович колледж туралы ондағы заманауи зертханалар мен шеберханалар, жатақханасы, асханасы және техникасы туралы бейне көрсетілім және слайд көрсетті. Колледжде бар мамандықтармен және ұстаздар мен студенттердің жетістіктері туралы таныстырып өтті. Қатысушыларды колледжде оқып, кәсіби мамандық алуға шақырды. Тұрғындар сұрақтарына толық жауаптар алды. Жиналыс соңында округ әкімі Бесқарағай колледжінің директорына және жиналысқа қатысқандарға алғысын білдірді. Жиналыс жылы жүзде өтті.

Округ әкімі С.Назаров