Қоғамдағы жемқорлыққа қарсы күрес туралы

2019 жылдың 11 наурызы күні Бесқарағай аудандық орталық ауруханасы қызметкерлері қатысқан жұмысты жоспарлау сағатында аурухана заңгері Болат Маулканович Курмангалиев бүгінгі қоғамда орын алып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы дәріс оқыды.
Өз сөзінде Б.М. Курмангалиев «Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, сау ортаны шарпып, тыныс – тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Ол үшін аталған дертке ел болып, ат салысып, қарсы жиылуымыз қажет» екендігін түсіндірді.
Елбасы жемқорлық туралы әр сөзінде, жемқорлықты қоғамның қатысуынсыз жену мүмкін еместігін атап көрсетеді. Әр адам өзі басқарып отырған ортаны өзі тәрбиелейді, аурухана басшылығы барлық медицина қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.

Бас дәрігер Е. Санкайбаев