Қарабас ауылдық округіндегі су тасқынына қарсы іс шаралар

Қарабас ауылдық округінде су тасқынына қарсы төтенше жағдайларды алдын-алу жұмыстары жалғасуда. «Қарабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайларды алдын-алуға және төтенше жағдайларды болдырмау үшін округ аумағында 2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне іс-шаралар жоспары әзірленді. ТЖ туралы комиссия өткізіліп округтің мекеме және ұжым басшыларына су тасқынын болдырмау іс-шараларының жоспары берілді. Төтенше жағдайлар болған жағдайда басшы құрамының хабарласу схемасы жасалған. Тұрғындарға өздерінің жеке меншік аумақтарын қардан тазалау туралы хабарлама жіберілді.
Су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды алдын-алу туралы мәселе округ әкімінің тұрақты бақылауында.

Жетекші маман А.Ергалиева