Жақсылық жаса

2019 жылғы 11 наурыз күні Беген дәрігерлік амбулаториясында тыл еңбеккерлеріне арналған медициналық көмек «Жақсылық жаса» акциясы өтті. Акция аясында бас дәрігер Жумабекова Гульжанат бастаған медициналық қызметкерлер ауылымыздағы тыл еңбеккерлеріне өздерінің медициналық көмектерін көрсетті.
Сондай - ақ қарт ананың бірі ауылымыздағы зейнеткер, көп балалы ана «Алтын алқа» иегері, тыл еңбеккері, 83 жастағы Кульзия Тукусованың қал –жағдайын біліп қайтты. Қан қысымын өлшеп, жүрегін тыңдап, әртүрлі көмектер көрсетті.
Еңбеккерлер медицина қызметкерлеріне үлкен алғыстарын білдірді.

Дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері
Г. Жумабекова