«Тәуелсіздікке ізгі тілек!» атты облыстық сайыс

2018 жылғы 6 желтоқсан күні Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі құрметіне арналған «Тәуелсіздікке ізгі тілек!» атты облыстық деңгейде сайысын өткізді. Сайысқа ауданның дербес бөлімдерінің мекеме басшылары мен қазақ тілінің базалық (А2), орта (В1) деңгей тыңдаушылары қатысты. Әрбір орталықтың базасында барлығы 20 адам тілек жазуды бастады. А2 деңгей тыңдаушылары кириллицада, В1, В2 деңгей тыңдаушылары жаңа әліпби негізінде өз тілектерін  жазды.

Сайыстың шарттары:

1. Жазба жұмысы көркем әдебиет стилі, яғни проза, поэзия жанрында, оларға тән стиль ерекшеліктерін сақтай отырып жазылуы тиіс;

2. Жұмыс көлемі А2 деңгей тыңдаушылары үшін 50 сөзден, В1, В2 деңгей тыңдаушылары үшін 120 сөзден кем болмауы шарт;

3. Жұмысты орындау үшін 1 сағат уақыт берілді.

4. Облыстық сайыста жеңімпаз және жүлдегер аталған тыңдаушылар арнайы дипломдар, грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Сайысқа қатыстырылған жұмыстар 12 желтоқсанда ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанынан арнайы құрылған облыстық комиссия отырысында қаралып, жеңімпаздар анықталатын болады.

Тілдерді оқыту орталығының директоры А.А.Аменова