«Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні»

2018 жылғы 4 желтоқсан күні Ерназар ауылдық округінің  Ерназар ауылының Сосновка орта мектебінің мәжіліс залында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне» арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Бесқарағай ауданының әкімі Д.Б.Батырбаев, аудандық мәслихат депутаты Х.К.Мукинов, ауыл шаруашылығы ардагерлері, шаруа және фермерлік қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар округ тұрғындары шақырылды. Салтанатты іс-шара каравай нанын алып шығуымен басталды. Мерекелік концертті округ әкімі А.А.Сапарова ашты. Ең алғашқылардың бірі болып Бесқарағай аудан әкімі Д.Б.Батырбаев ауыл шаруашылық қызметкерлерін құттықтап, өзінің алғысын білдірді және алғыс хаттарды табыстады. Округ әкімі А.А.Сапарова ауыл шаруашылық саласында еңбектенетін мамандарға, сонымен қатар Сосновка орта мектебінің директоры А.С. Жунусова «Менің мектебім» акциясының қатысушыларына алғыстарын білдіріп, алғыс хат табыс етті. Іс-шара хореографиялық композициялар және музыкалық нөмірлермен жалғасты. Іс-шара аяғында еңбек ардагерлері және ауылдың еңбеккерлері үшін мерекелік дастархан жайылды.

Аударма бойынша редакторы А.Н.Бектасова