Тұңғыш Президент күні

Борас орта мектеп-бақшасында ағымдағы жылғы 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында  бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: өз еліне деген мақтаныш сезімін оятып, патриоттық рух тәрбиелеу. Мереке қарсаңында 5-6 сынып оқушылары арасында әскери-спорттық іс-шара өткізілді, оқушылар әскери және спорттық сайыстарда өз іскерліктері мен дағдыларын көрсетті. "Шығыс Ұландары" кадет сынып оқушылары, саптық тәсілдердің орындалуын және автоматты дұрыс бөлшектеп, құрастыруды көрсетті. Іс-шара көңілді өтті, қатысушылар жақсы әсер алды. 8-сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай латын әліпбиінде қазақ тілінен интерактивті диктант жазды. Жоғары сынып оқушылары үшін, мектептің өзін-өзі басқаруы «Н. Ә.Назарбаев туралы не білесің?» атты викторина  ұйымдастырылды. Іс-шара Елбасының "Весна на заречной улице" атты сүйікті әнімен аяқталды. Бастауыш сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған сынып сағаттарын өткізді. Іс-шараларды өткізу кезінде балалар өз Отанының лайықты азаматы болу қаншалықты маңызды екенін, оны сақтау және бағалау, сондай-ақ өз елінің тарихын дамыту қажет екенін сезінді.

Директор Калижанова Н. А.