2018 жылдың 1 желтоқсаны күні М-Владимировка ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне орай қыздар мен ұлдар арасында жолдастық баскетбол жарысы өтті. Шараға М-Владимирвка орта мектебі, Б-Владимировка орта мектебі  және округтің жастары қатысты. Ұлдар табанды күресте бірінші орынға ие болған округ жастары командасы, екінші орынға Б-Владимировка орта мектебі, үшінші оранғы М-Владимировка орта мектебі, қыздар арасында бірінші орынға  М-Владимировка орта мектебі, екінші орынға Б-Владимировка орта мектебі иеленді. Барлық командалар ауылдық округі әкімінің грамоталармен марапаталды.

М-Владимировка ауылдық округінің жетекші маманы А.Т.Айтчанова