Тұңғыш Президент Күні

Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні Долон ауылдық округінің мектептерінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар өтті. Долон орта мектебінде Н. А.Назарбаевтың өміршеңдікке арналған салтанатты жиын өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары Қазақстан туралы ән шырқап, Президентке арналған өлеңдер оқыды. Одан кейін барлық қатысушыларға Елбасының өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Бөденелі және Мостик орта мектептерінде мерекелік іс-шаралар өтіп, оқушылар күшімен концерттік нөмірлер ұсынылды.  

Ж.Базылханова