«Туған жерім – мақтанышым»

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас,- деген өлең жолдарында айтылғандай әркім де өз туған жерін мақтан ете алады.

Сосновка орта мектебінде қасиетті жұма күні үлкен бір іс- шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Тұңғыш  Президент күніне орай  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған өлкем - мақтанышым» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінен, Борас орта мектеп бала – бақшасының директоры, Қоянбай, Башкөл, Семеновка орта мектептерінен  қонақтар келді. Алғы сөз алған мектеп директоры А.С.Жунусова құттықтау сөз сөйлеп  аудандық семинарды ашты. Мектеп бүлдіршіндері өлең жолдарын мәнерлеп оқып, биші қыздар мың бұрала билеп, әнші ұстаздар әуезді әндерін шырқатты. Мектепте ашылған IT-технология   кабинетіне саяхат жасады. Бұдан кейін қонақтар өлкетану мұражайына дөңгелек үстелге жиналып, мұражай екі тілде таныстырылды. Тарих пәні мұғалімі М.К.Шәкәрімов қонақтарға  әртүрлі сұрақ қою арқылы бес топқа бөлді. Осы бес топтың әрқайсысынан бір жүргізуші сайланып,  олар өздері  осы мұражай жүргізушісі роліне кіріп, мұражаймен таныстырды.

Тарих пәні мұғалімі Ш.Р.Губайдуллин  «Семь граней великой степи», география пәні мұғалімі Г.Б.Какимжанова «Этнос, ұлт, халық –бірлігі » тақырыбына баяндама оқыды.

Семинарға келген қонақтар өздерінің семинардан алған әсерлерін өзара бөлісіп, ұстаздар ұжымына творчествалық табыс, мықты денсаулық, биіктерден көріне беріңіздер деген тілек білдірді.

География пән мұғалімі  Г.Б.Какимжанова