День Первого Президента в Канонерском сельском округе

Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Канонерка ауылдық округінде Тұңғыш Президент күні аталып өтті. Округтің білім беру ұйымдарында сынып сағаттары, спорттық ойындар, ауылдық кітіпханаларда кітап көрмелері, Канонерка ауылының кітапханасында Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Н.Глазинскидің, ауылдық округінің әкімі К.К.Ипановтың, мұғалімдердің және оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Қара-Мырза ауылының Мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік күндерде округ тұрғындары іс-шараларға белсенді қатысты.

Бас маман А.Мусаканова