Тұңғыш Президент күніне арналған шахматтан турнир

2018 жылғы 30 қараша күні Бесқарағай ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Бесқарағай ауданы әкімінің кубогына шахмат турнирі өтті.
Турнирге Бесқарағай, Баскөл, Жетіжар, Долон және Глуховка ауылдық округтерінен спортшылар мен спорт ардагерлері белсенді қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды Глуховка ауылдық округінен Абишев Сапарғали, екінші орынды Жетіжар ауылдық округінен Ахмедиев Жасқайрат және турнир жеңімпазы Баскөл ауылдық округінен Шайдуллин Қазбек иеленді.
Турнир жеңімпазына чемпион - Кубогі берілді, сонымен қатар спортшылар белсенді қатысқаны үшін марапатталды.  

Дене шынықтыру және
спорт бөлімі басшысы О.Болысбеков