Алтыншы шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті

2018 жылғы 30 қараша күні Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.«2018-2020 жылдарға арналған Бесқарағай ауданының бюджеті туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/2-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Әртүрлі мәселелер:
1) «Бесқарағай ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/7-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2) Бесқарағай аудандық мәслихатының келесі отыз үшінші сессиясының төрағасы туралы.
Мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.



Бесқарағай аудандық мәслихат
аппаратының басшысы А.Чуашбаева