Бесқарағайлықтар Тұңғыш Президенті күнін кеңінен мерекеледі

Бесқарағай ауданының ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік және салтанатты іс-шаралар өткізілді. Барлық ауылдық округтерде ауылдық мекендердің барлық тұрғындарының қатысуымен салтанатты іс-шаралар өтті. Ауданның ұйымдары мен мекемелері басшылары өткізілген іс-шараларға қатысып, жерлестерін мерекемен құттықтады. Ауданның орта мектептерінде сынып сағаттары, шығармалар мен суреттер сайыстары өткізілді. Кітапханаларда кітап көрмелері мен стендтер безендендіріліп, Елбасы туралы бейнефильмдер көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінде 30 қараша күні салтанатты іс-шарада аудан әкімі Д.Б.Батырбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, салтанатты іс-шара барысында ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарды және белсенді қоғамдық қызмет көрсеткен азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара Балалар өнер мектебінің оқушылары, аудандық Мәдениет үйінің әртістері және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дайындалған мерекелік концертпен жалғасты.
1 желтоқсан күні ауданның орталық алаңында аудан тұрғындары үшін ауылшаруашылық жәрмеңкесі, мерекелік концерт ұйымдастырылды, аудан тұрғындары би флеш-мобына белсене қатысты. Тұрғындармен спорттық сайыстар өткізіліп, арнайы сыйлықтар сыйланды. Сонымен қатар, тегін ыстық тамақ (палау) таратылды. Кешке Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылуымен аудандық Мәдениет үйінде 80-90- жылдар стилінде би кеші өтті.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және "Елін сүйген Елбасы" атты апталық шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін Үлкен Владимировка орта мектебіне саяхат ұйымдастырылды. Педагогикалық ұжыммен биология, химия, робототехника класстарына, "Мәңгілік ел" бөлмесіне және кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларымен концерт және музыкалық ойын дайындалды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға естелік сыйлықтар ұсынылды.
"Елін сүйген Елбасы" атты апталық шеңберінде спорттық- сауықтыру кешенінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қатысуымен "Қызықты бастау" атты спорттық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Бесқарағай ауданы спорт ардагерлерінің спартакиадасы ұйымдастырылды. Спартакиадаға спорт ардагерлері қатарынан 60 жастан асқан ерлер және 55 жастан асқан әйелдер қатысты. Сайыс: үстел теннисі, сақинаға айыппұлды лақтырулардан, жылдам дойбыдан, волейболдан, шахматтан және біріктірілген эстафетадан өткізілді.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында, дәстүрлі Шәмші Қалдаяқов атындағы "Менің Қазақстаным" атты VII аудандық фестивалі ұйымдастырылды. Мерекеде барлық ауылдық округтерден Шәмші шығармашылығының бағалаушы - әншілері жиналды. Сахнада композитор-ақынның танымал әңдерімен қоса жиі орындалмайтын әңдер де шырқалды.


Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Калтаева