«Электрондық қызметтер» жәрмеңкесі

Бесқарағай ауданында 2017 жылғы қарашаның 2 күні аудандық кітапханада «электрондық қызметтер» жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкесінің мақсаты: азаматтардың компьютерлік сауатын жоғарылату, электрондық қызметтерді алу, «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеу дағдысын оқыту.
Жәрменкеге қатысушылар: қызметберушілер болып табылатын мемлекеттік органдар, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, сондай-ақ дәрігерлер мен мұғалімдер және Бесқарағай ауданының тұрғындар да шақырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арасында ең қажетті салалар жәрмеңкеге таңдалды — бұл денсаулық сақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, жер қатынастар, АХАТ, архив.
Мысалы, мұнда келесі кәсіби кеңестер берілді: дәрігерге жазылу, балабақшаға баланы кезекке қоюды көру, ЭЦҚ алу, некені тіркеуге өтініш беру, мұрағаттық анықтаманы қалай алуға болады және басқалар.
Жәрмекелерге қатысушылар мен шақырылған адамдар электрондық қызметтер алу саласында маңызды және қажетті ақпаратты алды.
Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеу дағдысын оқыту мақсатында ауданың ауылдық округтерінің кітапханаларында интернетке қосылған өзін-өзіне қызмет көрсетудің үш сектор жұмыс істейді.
2017 жылдың 10 айы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 18802 қызметтер көрсетілді, оның ішінде 2589 Мемлекеттік корпорация арқылы, 222 қызметтер «электрондық үкімет» арқылы.

Ұйымдастыру және инспекторлық
жұмысы бөлімінің бас маманы А.Искакова