«Бесінші сыныпқа қабылдау»

2017 жылдың 11 қазаны күні Борас орта мектеп бақшасында бесінші сыныпқа көшетін оқушыларға арналған мереке өтті. Мерекеге мектеп әкімшілігінен басқа, оқушылардың ата-аналары мен мектеп мұғалімдері шақырылды. Бесінші сынып оқушыларын мектеп директоры мен оқушылардың алғашғы ұстаздары құттықтады. Мереке өте көңілді әрі қызықты өткізілді, онда балалар түрлі тапсымаларды орындады. Сынақтардан өткен оқушылар салтанатты түрде мектептің лайықты оқушылары боламыз деп ант берді. Мерекенің қорытындасында, барлығына «Бесінші сынып оқушысы» атауы тағайындалғанын растайтын куәлік берілді.

Мектеп директоры Калижанова Н.А.