Алтыншы шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті

2017 жылғы 10 қазанда Бесқарағай аудандық мәслихатының кезекті
он бесінші сессиясы өтті.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1. Бесқарағай ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру барысы туралы.
2. Канонерка, Глуховка және Қарабас ауылдық округтері әкімдерінің 2016-2017 жылдары атқарған жұмыстары туралы есептері.
3. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы нысандарының және мекемелердің жылыту маусымына дайындық барысы туралы.
4. Депутаттық өкілеттер, этика және заңдылық, әлеуметтік-мәдени даму мәселері бойынша тұрақты комиссияның есебі.
5. Әртүрлі мәселелер.
Мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Бесқарағай аудандық
мәслихатының аппарат басшысы А.Чуашбаева