Қарттар күнімен құттықтау

2017 жылдың 10 қазан күні «Қарттар күні» мейрамы қарсанында аудан әкімі мен Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұжымы зейнет жасындағы адамдарды құттықтап, оларға сыйлықтармен құттықтау ашық хаттарын сыйлады. Қарт адамдар өздеріне сыйланған сыйлықтан көрі көрсетілген құрметке, олардың біздің ауданымыздың дамуына қосқан үлестерін жас ұрпақтың ұмытпағандарына риза болды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Баталов